Қуандықов қызметінен кетті

Жаңалықтар
29.07.2014, 15:52

Болатбек Қуандықов Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі басшысы қызметінен босатылды. Tengrinews.kz-ке бұл ақпаратты ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі растады.

Қуандықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған. Агенттік басшысының міндетін атқарушы қызметіне осы ведомство төрағасының орынбасары - ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тағайындалды.

Болатбек Қуандықов бұл агенттікті осы жылдың қаңтарынан бері басқарды. Оған дейін Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болды. 2008-2013 жылдары Қызылорда облысын басқарды. Әр жылдары Ұлттық банктің Қызылорда облыстық басқармасының бастығы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, әкімнің бірінші орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің департамент директоры, Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

Жандарбек Бекшин 2013 жылы "А" корпусына тестілеуден өтпей қалғандардың бірі болған еді. Соған байланысты ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Оның комитет басшысы болған кезде жемқорлыққа қарсы күресті әлсіретіп алғаны үшін жазаланғаны да хабарланған еді. Бекшиннің өзінің айтуынша, ол аймақтағы әріптестерінің жемқорлыққа барғаны үшін сөгіс алған.

 

Сұхбат

PhotoRoom