Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Алматының 1 000 жылдығын тойлауға арналған көрме ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қала әкімдігі дайындаған ерекше экспозициялар аясында Алматы тарихының және мәдениетінің сирек экспонаттары қойылды. Халықаралық қоғамдастыққа қала әкімшілігі мен ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауына ие болған ЮНЕСКО ұйымдастырған «Балалар бейбітшілікті бейнелейді. Азия» Халықаралық фестивалі таныстырылды.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл жобаға Азия-Тынық мұхиты аймағының 15 елінің 7 000 астам жас суретшісі қатысты. Олар мәдени астана туралы ойларын, көзқарасын суреттеді. Олар альбомға жинақталды. Алматының мыңжылдық мерейтойына арналған көрме жоба бойынша екі жылдық жұмыс кезеңінің соңы.
Сонымен қатар, қонақтар мен көрермендер назарына ҚР Тұңғыш Президенті Қорының «Белгісіз Қазақстан» жобасы ұсынылды.