Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Премьер-министр Кәрім Мәсімов, ПӘ жетекшісі Нұрлан Нығматулин және Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев қатысты.
Кеңесте осы жылдың алғашқы жеті айындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемде дамыған 30 елінің қатарына кіруін қамтамасыз ететін жобалардың жүргізлу барысы мен алда атқарылатын міндеттер талқыланды.
Н. Назарбаев экономика және әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар Украинаның ішкі саяси жағдайы мен халықаралық оқиғалардың отандық экономикаға ықпалы қандай болатыны талқыланды. Қорытындысы бойынша Елбасы жиынға қатысқандарға нақты тапсырмалар жүктеді.