"Саңыраулар келіссөзі" нәтижесіз қалды

Жаңалықтар
31.07.2014, 12:33

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Испания құрамындағы Каталония тәуелсіздік алу жолында референдум өткізбек. Ал Мадрид бұл бастаманы конституцияға қайшы деп есептейді. Испания Премьер-министрі Мариано Рахой мен Каталония үкіметінің жетекшісі Артур Мас осы мәселе бойынша ел астанасында кездесті. 

Испаниялық басылымдар бұл кездесуді "саңыраулар келіссөзі" деп атады. Демек, екі тарап негізгі мәселе бойынша ортақ байламға келе алмаған. Каталонияда референдум осы күзде, 9-қарашада өткізілуі тиіс. Орталық биліктің тыйымын алып тастау үшін Мас келіссөзге келген болатын.

"Бұл саяси конфликтіні реттеу үшін саяси ерік-жігер қажет. Алайда орталық билік бұны заңға қайшы деп отыр. Сондықтан біз бір келісімге келе алмадық" дейді Артур Мас.

Қазақстандықтар үшін бұл ақпарат қызық болмағанымен, футболсүйер қауымның басты ауруына айналды. Испаниядан іргесін аулақ салса, каталониялық сүйікті командасы - "Барселона" қай елдің біріншілігінде ойнайды? деген сұраққа бас қатырып жүргендер көп. Алайда, бұл процесс ұзаққа созылатын түрі бар.

Сұхбат

PhotoRoom