Әзірбайжан мен Армения шекарасында болған қарулы қақтығыстан әзірбайжандық тоғыз сарбаз қайтыс болып, тағы төрт әскери жарақат алған. Қорғаныс министрлігі сарбаздардың есімдерін жария етті. Армяндар жағы әзірбайжандардың адам шығыны 14-ке дейін, жарақаттанғандар 30 адам, деп жазды.
Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда армян әскерилері бейбітшілік заңдарын бұзып, Агдам және Тертер сияқты Бакудың бақылауындағы аудандардың территорияларына өтіп кеткен. Шығын болғанымен, қарсыластың шабуылына тойтарыс беріліпті.
Екі елдің арасындағы Таулы қарабақ проблемасының созылғанына да ширек ғасырдан асты. 1991 жылы Әзірбайжан ССР-ның құрамындағы Таулы Қарабақ автономды облысы ТҚ Республикасы статусын алу жөнінде референдум өткізген болатын. Ресейлік ақпарат құралдары бұл референдумда көпшілік тәуелсіздікті қалап дауыс берді десе, Бакудағы басшылық бұл жерді армяндар басып алды дегенді алға тартады. Бұдан былай аймақтық қақтығыстардың қатары көбейе беретінін жазған болатынбыз.
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен жылы бұл мәселені көтергендей болған. Алайда, қатып-семген дүниенің сеңі де бұзылмады. Таулы-Қарабақ проблемасы қайта қозатын болса, біздің қоғамда да түрлі пікір туындайтыны анық. Армения жыл соңына дейін Еуразиялық Экономикалық Одаққа құжаттарын әзірлеуді аяқтауды көздеп отырса, Түркі елдерінің ынтымақтастық ұйымындағы белді әріптесіміз - Әзірбайжан.
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Әзірбайжанды қолдайтын акцияларды бастап кетті.