Қытайдағы террактінің мәлімдемесі шықты

Жаңалықтар
03.08.2014, 11:51

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 29 шілдеде болған террорлық шабуылдан 37 адам қаза тауып, 13-і жарақат алған деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып, Euronews хабарлады.

Бес күн бұрын болған оқиғадан кейін ешқандай мәлімдеме  таратылмаған болатын. Енді жаңа деректер шығып жатыр. Мәліметтерге қарағанда қайтыс болғандардың 35-і этникалық қытай болса, екеуінің шыққан тегі - ұйғыр.

"Полиция 59 терроршыны атып, 215-ін қамауға алды", деді компартияныі аудандық хатшысы Чжан Чунсянь. Құқық қорғаушылар бұл шабуылдың артында "Шығыс Түркістанның ислам қозғалысы" тұрғанын айтады.

Оқиға 29-шілдеде болған. Лаңкестер алдымен жергілікті әкімшілік пен полицей бөлімшелеріне шабуыл жасаған. Кейінірек жолдарды жауып тастап, жолаушылар мінген автокөліктерге тиіскен. Жергілікті әскер уақытында тойтарыс берген деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Сұхбат

PhotoRoom