Президент сайлауында берілген дауыстар қайта саналып жатыр

Жаңалықтар
04.08.2014, 02:22

Бірнеше сағат бұрын Ауғанстанның сайлау комитеті президент сайлауы кезінде халық дауыс берген бюллетендерді қайта санауды бастады. Алайда бұл шешім президенттікке үміткер Абдулла Абдулланың келісімінсіз қабылданды.

Бюллетендерді қайта санау мұсылмандар мерекесіне орай тоқтатылған болатын.

Алдын ала мәлімет бойынша, 14 маусым күні өткен президент сайлауында Ахмед Ғаниға халықтың 56,44 пайызы дауыс берсе, Абдулланы 43,56 пайыз электорат қолдаған.

Үміткерлердің бірі дауыстарды қайта санауға келіспегенмен, жақында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри екі кандидатты да осы бір саяси шешімге көндіргендей болған...

Сұхбат

PhotoRoom