Үкіметтің кеңейтілген жиыны басталды

Жаңалықтар
06.08.2014, 11:31

 Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланбақ.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин және Президенттің көмекшісі Е.Орынбаевтың қатысуымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, экономика мен әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған кеңейтілген Үкімет отырысын өткізу қажеттігін атап өткен болатын.

Кеңеске қатысушылар биылғы 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдығы бар міндеттерді қарады.

 

Сұхбат

PhotoRoom