Оңтүстік Корея халқы президенттің отставкасын талап етіп отыр

Жаңалықтар
12.11.2016, 19:28

cb35b3309e6625b52983e8ead9d89363_lОңтүстік Кореяда президент Пак Кын Хенің отставкасын талап еткен халық ереуіл өткізіп жатыр. Жергілікті құқық қорғаушылардың хабарлауынша, Сеул көшелеріне 260 мыңға тарта адам шыққан. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 25 мың полицей жұмылдырылды. Айта кеткен жөн, президентке қатысты жанжал өткен айдың аяғында шыққан еді. Ол кезде тілшілер қонақ үй жанындағы қоқыс жәшігінен планшет тауып алған. Онда 200 құпия құжат болған. Сол кезде мемлекет басшысының халық алдында сөйлейтін сөздерін құрбысы Чой Сун Силь түзетіп отырғаны белгілі болды. Тергеушілердің пайымдауынша, ол қаржылай пайда көру мақсатында мемлекеттік істерге араласып отырған. Қазір мемлекет басшысының құрбысы қамауға алынды. Оған «алаяқтық және билікті асыра пайдалану» айыптары тағылған. Бұл даудан кейін президенттің танымалдығы 5%-ға дейін төмендеген. Жүргізілген сауалнама бойынша тұрғындардың 90%-ы оның саясатын құптамайтын болып шықты.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom