Әсем Нүсіпова - ШҚО әкімінің орынбасары

Жаңалықтар
21.11.2016, 16:03

1117Даниал Ахметов облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Әсем Нүсіпова тағайындалды. Әсем бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі және «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейбір дереккөздер оның университет табалдырығында Гүлжан Қарағұсовадан тәлім алғанын айтады. Сондай-ақ, 1998 жылы аталған университеттің магистратурасын бітірді.

Еңбек жолын 1997 жылы консалтингтік компанияның сарапшысы болудан бастады. Бұдан кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, «Деловая неделя» апталығының экономикалық шолушысы болған. Мемлекеттік қызметте 2001 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша бөлімнің бас сарапшысы, Президент Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, Қаржы министрінің кеңесшісі, Премьер-Министрдің кеңесшісі болып еңбек етті.

2005-2007 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің талдаулар жиынтығы бөлімінің меңгерушісі, 2008 жылы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары және бүгінгі тағайындауға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom