Қуаныш Сұлтанов "Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертейік" деп ұсыныс жасаған бірінші адам емес. Тіпті, соңы да емес деуге болады. Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты Сәт Тоқпақбаев мырзаның (2008 жылы) аузынан да осындай ұсынысты естіген болатынбыз. 2013 жылы академик Сұлтан Сартаев та қарап қалмады. "Қайда барсаң да, қайда жүрсең де Астана идеясының авторы Нұрсұлтан Назарбаев дегенді көп естиіміз. Сондықтан, бұл ұсынысымды елордалықтар қолдауы тиіс" деп қайырған еді.
Ал, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Астана атын Елбасына беру ұсынысын ешқандай да жеке басқа табынушылыққа жатпайтындығын алға тартады.
Ендігі кезек Қуаныш Сұлтанов мырзаға жетіп отыр. Бір жағы Қуаныш Сұлтанұлының бұл ұсыныс бойынша енді ғана бастама көтеріп отырғаны қызық. Сәттің сәтсіз ұсынысынан кейін әңгімені Сартаев жалғады, Сартаевтың ұсынысы суымай жатып Сұлтанов қайта бастама көтерді. Бірақ, халық бұл ұсынысқа кейін қарайтыны, күле қарайтыны байқалады. Ендеше, сондай сарказм араласқан бірнеше адамның пікірін беріп көрелік...