Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берген болатын, ол онда өзінің балаларын ізбасар етіп тағайындамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды.
Назарбаев билікті өткізудің ҚР Конституциясында жазылғанын және еліміздің заң негіздері бойынша жасалаатынын айтты. "Өз балаларыма қалдыруды ойламаймын. Менің ойымша, бұл бізге керек емес. Бізде биліктің ауысуы Конституцияда жазылған", - деді ол.
Қазақстан Президенті өзінің күш қайраты әлі мықты екенін айтты. "Мен 2020 жылға дейін жұмыс істеймін. Сіздермен 2020 жылы кездесеміз", - деді Назарбаев журналистерге.
Сонымен қатар, Назарбаев америкалық жаңа көшбасшы туралы да сөз қозғады - АҚШ-та президент болып сайланған Дональд Трамп туралы. "Ол ең бастысын айтты, америкалық құндылықты әлемге тарата берудің қажеті жоқ. Сосын ол әр мемлекетпен жеке жұмыс істеу қажет екенін айтты. Ең күшті демократия, мысалы, Ресей және барлық елдер Батыспен достық қарым-қатынаста болуы керек", - деді Мемлекет басшысы.
Назарбаев Трамптың өндірісті қайта жандандыру және инфрақұрылым инвестициясын көбейту металлдардың бағасына әсерін тигізеді, бұл дегеніміз Қазақстан экономикасына әсерін береді, дейді. "Сондықтан мен жамандыққа жорымаймын, керісінше келесі жылдан бастап болашақта жақсы боларына сенемін".
Сұхбаттың видео нұсқасын көремін десеңіз сілтемеге өтіңіз.