Мәжіліс спикері Петербордағы Әлихан Бөкейханның ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады

Жаңалықтар
24.11.2016, 10:50

65aaeaf52f527f5df2e5805d004Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады. Бұл туралы Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Салтанатты шара Таврический сарайында ТМД ПАА штаб-пәтерінде өтеді. Осында 24-25 қарашада ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА шаралары өтеді деп жоспарланған.

15094235_625497984318911_7226528614565267938_nПалата Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған мәжілісмендер сондай-ақ, ТМД ПАА 45-ші пленарлық отырысына қатысады. Онда әлеуметтік үлгідегі заңдар топтамасы талқыға түспек. Сондай-ақ, қауіпсіздік, соның ішінде, экстремизм мен терроризм мәселелері де назардан тыс қалмайды. Сапар аясында Нұрлан Нығматулиннің ҰҚШҰ ПА жиынында сөз сөйлеуі және Әзербайжан, Қырғызстан, Ресейден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер жоспарланған.

"Сайгез-ақпарат"

Фото авторы - Нұртас Солтанұлы.

Сұхбат

PhotoRoom