Сенатқа 79 үміткер тіркелді

Жаңалықтар
08.08.2014, 18:02

Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша 8 тамызға дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 79 үміткер ұсынылды.

Барлық аймақтан ұсынылған 79 адамның ішінде төртеуі ғана - әйел. Аймақтардан ұсынылған үміткерлердің саны төмендегідей:

Ақмола облысы - 6,

Ақтөбе облысы - 6,

Алматы облысы - 5,

Атырау облысы - 4,

ШҚО - 4,

Жамбыл облысы - 5,

БҚО - 4,

Қарағанды облысы - 6,

Қостанай облысы - 4,

Қызылорда облысы - 5,

Маңғыстау облысы - 5,

Павлодар облысы - 5,

СҚО - 5,

ОҚО - 5,

Алматы - 5,

Астана - 5 адам.

Бұлардың ішінде 14 үміткерді жергілікті мәслихаттар ұсынса, 65-і өзін өзі ұсынған. Бұл үміткерлердің төртеуі - осыған дейін Сенат депутаты болып сайланғандар. "Үміткерлердің орташа жас мөлшері 53-ті құрайды. Олардың ең жасы 37 жаста болса, ең үлкені 66 жаста. Мамандықтары туралы айтсақ, 29 инженер, 12 экономист, 11 оқытушы, 11 ауыл шаруашылығы қызметкері, 10 дәрігер, 4 заңгер, сондай-ақ, 2 басқа мамандық иесі бар", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

Қазір ұсынылған үміткерлер ҚР Конституциясы мен заңнамасының талаптары бойынша тексерістен өтуде. "Депутаттықтан үміткер ретінде тіркелу үшін азаматтар жергілікті мәслихат депутаттарының кемінде 10% қолдауына ие болуы керек. Бұл қолдау мәслихат депутаттарының қол қоюы бойынша куәландырылады. Сонымен бірге, таңдаушылардың әрқайсысы өз қолын тек бір ғана кандидатты қолдап, қол қоюға құқылы. Мәслихат депутаттарының қолы Сенат депутаттығына кандидат тіркелгеннен кейін сот шешімінің негізінде ғана қайтарылып алынады", - деді бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Парламент Сенатының сайлауы 1 қазанға белгіленіп отыр. Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну 2 тамыз күні басталып, сайлау өтетін күнге бір ай қалғанға дейін созылады. Үміткерлерді ұсыну Астана, Алматы қалалары мен облыстардың, қалалар мен аудандардың мәслихат сессияларында немесе өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша жүргізіледі. Сенат сайлауына бюджеттен 136млн теңге бөлініп отыр.

Парламенттің жоғарғы палатасында барлығы 47 депутат бар, оның 15-ін Мемлекет басшысы, 32-сін мәслихаттар (әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан екі адамнан) тағайындайды. Сенат депутаттары алты жыл мерзімге сайланады. Үш жыл сайын сенаторлардың жартысы қайта сайланады. 

Сұхбат

PhotoRoom