Гаагада Қазақстан-Голландия бизнес-форумы өтіп жатыр

Жаңалықтар
24.11.2016, 22:44

article3286_0Бүгін Гаагада Бірлескен Іскерлік Кеңес аясында Қазақстан мен Нидерланды Корольдігінің ресми тұлғалары және іскер топ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Голландия бизнес-форумы өтуде. Шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі және «Голландия бизнесі мен жұмыс берушілерінің VNO – NSW конфедерациясы» ұйымдастырды. Форум қатысушыларына Қазақстан тарапынан  Бірлескен Іскерлік кеңестің тең төрағасы, «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті Данияр Берлібаев пен Голландия тарапынан БІО тең төрағасы, Royal Dutch Shell мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі вице-президент  Шон Руни құттықтау сөз сөйледі.

Бизнес-форумда екі жақтан ауыл шаруашылығы, тағам өнімдерін өндіру, көкөніс өсіру, су ресурстары, энергетика, химия, жеңіл өнеркәсіп, инфрақұрылым және логистика салаларында жұмыс істейтін 50-ден астам компания атынан 100-ге тарта адам қатысты. Форумда Қазақстан мен Нидерланды Корольдігінің экономиканың түрлі салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі арттыру мәселелері талқылануда.

25 жыл ішінде Нидерланды Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесіне айналып, біздің елге құйылған инвестиция бойынша бірінші орында тұр. Қазіргі таңда екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығару салаларында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, машина жасау жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

«2005 жылдан бастап Нидерландыдан еліміздің экономикасына   келген тікелей инвестицияның көлемі 67,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Бүгінгі таңда еліміздің экономикасына келетін голландиялық инвестиция ағынын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Біз Қазақстанның индустриялды-инновациялық саясатының басымдықтарына сәйкес, голландиялық бизнестің отандық ғылымға негізделген және оны экспорттауға бағытталған өндірісінің даму жобаларын қолдаймыз» - деп атап өтті, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев.

Бизнес-форум аясында қазақстандық делегация голландиялық серіктестеріне Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын, сонымен бірге тау-кен металлургиясы, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл және тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың басым салалары бойынша инвесторларға арналған ынталандыру пакетін таныстырады. Қазақстан осы салаларға инвестиция тартуға ерекше мүдделі. Сондай-ақ голландиялық бизнес-қауымдастыққа инвесторлардың мемлекеттік және басқа да органдармен байланысуы үшін барлық инвесторларға мәселелерді «бір терезе» әдісімен шешуге көмек беретін Омбудсмен институты туралы ақпарат берілді. Голландиялық кәсіпкерлер Қазақстанда шетелдік инвесторлардың өз жобаларын іске асыруына үлкен мүмкіндік беретін 10 арнайы экономикалық аймақпен танысты.

«Қазақстанда 2016 жылғы 1 қарашаға дейін голандиялық капиталдың қатысуымен 1 178 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 985. Біз нидерландтық тараптың екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты кеңейтуге дайындығын жоғары бағалаймыз және өз тарапымыздан осы мақсатқа жету үшін бар күшімізді жұмсаймыз»-деді KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Бейсенбаев.

Бизнес-форум қорытындысы бойынша «Қазақстанның халықаралық сауда палатасы мен Нидерланды VNO NCW арасындағы БІК келісіміне» қол қойылды

Сұхбат

PhotoRoom