Күз айларында қала сәулетін қалпына келтіру мақсатында көшелерде ұлттық нақыштағы сәндік өнер туындылары жасала бастаған болатын. Сол ұлттық болмыс бейнеленген сәулеттік туындылар сериясы бойынша Жанат Елубаевтың «Қыз жасауы», қазақ әйелдерінің дәстүрлі зергерлік бұйымдарының көшірмелері, ежелгі қазақ керамика өнеріндегі текемет пен ұлттық оюмен әдіптелген торсық қала көшелеріне орналастырылды. Бүгінде Бауыржан Момышұлы даңғылы, Түркістан көшесі, Tемірлантас жолы және Шәмші әлемі гүлзарында орнатылған осы ұлттық құндылықтар қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.
Сонымен қатар, қала орталығындағы бұл сәулеттік өнер нысандары Шымкент сәулетіне өзгеше рең беруде. Атап айтар болсақ, Сәкен Нарыновтың «Күн мен түн», Зулхайнар Қожамқұлованың «Төрт қыз», Расул Естемесовтың «Құс және тасбақа», Асқар Есдәулетовтың «Oйыншы» және «Ұмай», Мұхтар Бекеновтың «Өрнек», Әбдікәрім Ахметовтың «Түйе» көркемөнер туындылары қаланың басты көшелерінде орналасқан. «Мұра», «Бірлік», «Шығармашылық», «Жасампаздық» секілді барлық өнер айшықтары қала сәулетін арттыруға арналғанын айта кету керек.