Алексей Ни Қазақстан Республикасының ауыр атлетика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі. Әйгілі маман Қазақстан құрамасын 1994 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның басқаруымен ұлттық құрама 6 Олимпиада ойындарына қатысты.
Алексей Ни 1961 жылдың 24-тамызында Тараз қаласында дүниеге келген. Ең бірінші мамандығы – инженер-гидротехник. Одан соң, Алматыдағы денешынықтыру институтын тәмамдап, спортқа білікті маман келді. Кеңес одағы тарап, экономикамен бірге спорттың да тігісі сөгілген сәтте қазақ ауыр атлетикасының тізгінін ұстады. Ол – қазақ тарихында Олимпиадаға бапкерлік топпен бірге алты рет барған ең тәжірибелі маман.
"Сайгез-ақпарат"