"Қазгеология" шетелдік инвесторлармен 15 ірі жоба бойынша келісім жасаған

Жаңалықтар
25.11.2016, 16:02

geologorazvedka-696x390ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек фейсбуктегі парақшасында «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясының жұмысына тоқталды. 

«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясына биыл бес жыл толды. Осы аз уақыт ішінде «Қазгеология» ілкімді жұмыстар атқарып, табысты нәтижелерге қол жеткізді. Геологиялық барлау бойынша көптеген жобалары тек мемлекеттік бағдарламалармен шектеліп қалмай, жеке және шетелдік инвестициялар есебінен де жүзеге асырылып келеді.

Бүгінде «Қазгеология» ұжымы геологиялық барлау саласында әлемдегі көшбасшы компаниялар қатарындағы «Рио Тинто» концерні (Ұлыбритания), «КОРЕС» корпорациясы (Оңтүстік Корея) және басқа компаниялардың көмегімен Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды іске асырып жатыр. Бес жылдың ішінде шетелдік инвесторлармен 15 ірі жоба бойынша келісім жасап, бүгінде олардың 7-еуін жүзеге асырып жатыр.

%d0%bc%d0%be%d0%bd%d1%82%d0%b0%d0%b6%d0%bd%d0%b0%d1%8f-%d0%be%d0%b1%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8c-4

Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша 2012 жылдан бері 17 жобаны жоспарға алып, бүгінде 10 жобаны іске асыруды қолға алды. Төмендегі инфографикада «Қазгеология» АҚ қолға алған жобалардың тізімі, игерілген жұмыс нәтижелері мен жүзеге асырылатын нысандар туралы біле аласыздар.

%d0%bc%d0%be%d0%bd%d1%82%d0%b0%d0%b6%d0%bd%d0%b0%d1%8f-%d0%be%d0%b1%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8c-3

«Қазгеология» бүгінде жоғары технологиялық жабдықтармен жасақталған өз өндірістік базасын құрып, геологиялық барлаудың озық әрі инновациялық технологияларын енгізуге назар аударып келеді. Сондықтан, компания алға қойған мақсаттарына уақытылы қол жеткізіп, барлық жобаларын сәтті жүзеге асырады деп сенемін.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom