Асқар Мәмин Бежіңде үш қытайлық компания өкілдерімен кездесті

Жаңалықтар
27.11.2016, 20:20

20161127194446Бүгін ҚХР-ға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин үш қытайлық компания өкілдерімен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

А.Мәмин «Cathay Industrial Biotech Ltd.» басқарма төрағасы Лю Сюцай,  «Shaanxi Jingshengyu Fucha» басшысы Ма Хэнгуан, сонымен қатар «Naga Corp. Ltd» басшылығымен ынтымақтастықтың болашағы мен бірлескен жобаларды іске асыру жайын талқылады.

«Cathay Industrial Biotech Ltd.» басшымен кездесу бұл 2016 жылы қыркүйектің басында Бақытжан Сағынтаев Шанхайда жүргізген келіссөздердің жалғасы. Сол кезде ол ынтымақтастыққа ықылас танытып және Қазақстан аумағында бидайдан және жүгеріден тоқыма өндірісі бойынша зауыт құрылысының мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын.

«Біз бүгін А.Мәминмен кездесудің нәтижесіне көңіліміз толады. Біріншіден, біз Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінің Усу қаласындағы зауытымызға Қазақстанның азық-түліктік емес бидайын жеткізу жайын егжей-тегжейлі талқыладық. Екіншіден, Қазақстан аумағында тоқыма өндірісі бойынша бірлескен зауыт құрылысы мәселесін қарастырдық», - деді ҚазАқпаратқа берген сұхбатында «Cathay Industrial Biotech Ltd.» команиясының басқарма төрағасы Лю Сюцай.

«Shaanxi Jingshengyu Fucha» мен «NagaCorp. Ltd.» компаниялары «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА-ға инвестиция салуға қызығушылық танытуда. «Shaanxi Jingshengyu Fucha» Шэньси провинциясындағы Сяньянь қаласында орналасқан, шай өндірісі мен инвестицияялық жобалар бойынша маманданған. «NagaCorp. Ltd.» құрылыспен және ойын-сауыққа бағытталған курорттарды дамытуымен айналысады. Оның акция Гонконг қор биржасында қойылған, нарықтық құны шамамен 1,5 млрд доллар.

Фото мен ақпарат декеккөзі - Қазақпарат.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom