Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің нақты өсімі бойынша Кеден одағы елдерінде көш бастап тұр

Жаңалықтар
28.11.2016, 12:11

0s7a5632ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанада өткен XI Инновациялық конгресте баяндама жасап, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығының жетістіктеріне тоқталды. «Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің нақты өсімі бойынша Кеден Одағы елдері арасында көш бастап тұр. Еңбек өнімділігі 67% өсті»-деп атап өтті министр.

Индустрияландыру картасы аясында 6 жылдың ішінде құны 4 трлн. теңге болатын 900-ден астам жоба іске қосылды. Аталған жобалар  7 трлн. теңгенің өнімін өндірді. 90 мыңнан астам сапалы жаңа жұмыс орыны құрылды.

Бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген 500-ден астам жаңа өнім түрін шығару жолға қойылды.

Сонымен бірге, Ж.Қасымбек ИИМДБ жүзеге асыру бойынша алдағы жоспарларға тоқталды.

Министрдің сөзінше, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан сәттен бастап, инновациялық даму көрсеткіштерінен оң динамика байқалды. Инновациялық-белсенді кәсіпорындардың өсімі 2 есеге, инновациялық өнім көлемі 4,5 есеге және технологиялық инновацияға шыққан шығын 10 еседен асты.

«Әлемдік деңгейде салыстырғанда бұл жеткіліксіз екенін түсінеміз. Сондықтан екінші бесжылдық аясында Қазақстан өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бұл жұмысты күшейтуі керек»,-деді министр.

Министрліктің алдына еңбек өнімділігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа өндіріс пен нарық құру сияқты стратегиялық міндеттер қойылған.

Бұларды шешу бойынша өндірістерде технологиялық жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасау керек. Сондай-ақ, стартаптарды қолдау жүйесі мен технологиялық және кәсіпкерлердің бизнес-құзыреті деңгейін көтеру қажет.

Инновациялық саясатта 3 стратегиялық қызмет бағыты анықталды. Бұл технологияны коммерциялау жүйесін дамыту; технология трансфері жүйесін дамыту; біліктілікті тарату жүйесін дамыту.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom