Эмбарголы экономика немесе санкциялар салқыны

Жаңалықтар
11.08.2014, 15:33

Еуропалық комиссия жұма күні ауылшаруашылық министрліктеріне азық-түлікке Ресей салған эмбаргоның нәтижесінде келетін шығындарды бағалауды тапсырды.

Еуропалық Одақтан Ресей 2013 жылы 11 млрд 800 млн. еуроға тең азық-түлік өнімдерін импорттаған екен. Осы көрсеткіштің 4,5 млрд еуросы азаятын болады. Себебі, былтыр жеткізілген өнім мөлшерінің биыл 40 пайызы эмбаргоға ұшырап отыр. The Wall Street Journal-дың мәліметіне қарағанда Еуропалық Одақ үшін бұл үлкен шығын емес. Өйткені 2013 жылы ЕО экспорттаған азық-түлік өнімдері 120 млрд еуроға бағаланған.

Ресей тарапынан бір жылға санкция салынған тауарлар: АҚШ, Еуропалық Одақ, Австралия, Канада, Норвегиядан азық-түлік. Олар - жеміс-жидек, көкніс, сиыр еті, шошқа еті, балық, ірімшік және ет, сүт өнімдері.

Ресейдің ДСҰ-ға кіруіне алғаш болып қарсылық білдірген Польша болды. 1-тамыздан бастап, поляк елінен жеткізілетін жемістерге тыйым салынған. Еуропалық комиссиядан көмек сұрағанына қарағанда, Польшаға бұл үлкен соққы болған сияқты. Тек алма эмбаргосынның өзінен 500 млн еуро жоғалтқан.

 

Сұхбат

PhotoRoom