Жаңа жылдан тойлаудан кімдер бас тартты?

Жаңалықтар
28.11.2016, 14:15

27bccd3b9920d1c781de18c93d086bdfЖелтоқсан айы басталғаннан кейін қоғамда кеңінен талқыланатын бір тақырып бар. Ол Жаңа жыл тойлаудан бас тарту, Тәуелсіздік мерекесі тойланбай жатып шыршалар жағуды тоқтата тұру.... осылай кете береді. 

Биыл қалай болмақ? Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы келе жатыр. Мемлекет үшін орасан маңызы бар мереке. Кім қандай бастама көтеріп жатыр. Кейбір сауда орталықтарында шыршалар қойылып, Жаңа жылдың нышаны байқала бастады. Әрине, олар жеке сектор болған соң қандай қадамға барса да "әй-шәй" дей алмайсыз. Ал, мемлекеттік органдар ше? Әкімдіктер мен министрліктер ше? Депутаттар мен ұлттық компаниялар не істейді?

Жақында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен кейбір ұлттық компаниялар жаңа жылдық корпоративтік кештерді өткізуден бас тартатындығын мәлім етті. Депутаттар бастама көтергені түсінікті, ал жаңа жыл тойлаудан бас тартқан компаниялар қайсы? Олар өзгелерге үлгі бола ала ма?

«Бізде ешқандай корпоратив жоспарланбаған. Біз қатаң жұмыс кестесі бойынша істейміз және қазір парламент сайтынан көруге болады. Жаңа жылда бізде де төрт күндік демалыс болады, ал 4 қаңтарда регламент бойынша аймақтарға сапарлаймыз. Аймақтарда, шалғай аудандарда жұмыс істейміз, халықпен кездесу өткіземіз. Парламентте қыдырып кететін демалыстар да болмайды, бұл жақсы ма, жаман ба — өздеріңіз шешерсіздер», — деді  Мәжіліс депутаты Павел Казанцев.

Тағы бір Мәжіліс депутаты Ирина Аронова да депутаттардың Жаңа жыл қарсаңында ешқандай корпоративті кештер ұйымдастырмайтынын растап, бұл отбасылық мейрам және ошақ қасында аталып өтетінін айтты.

«Біз жаңа жылдық корпоративтер өткізбейміз, бірақ компания жыл сайын Алматының Түрксіб ауданындағы кемтар және жағдайы төмен отбасындағы балаларға сыйлықтар береді», — дейді бұл мәселе бойынша Air Astana әуе компаниясының өкілдері.

«Самұрық-Қазына» компаниясында да, бюджет есебінен корпоративті мерекелік кештер ұйымдастырылмайтынын, дегенмен, қызметкерлердің өз қалтасынан мерекелік шаралар ұйымдастыруы да сөгіске жатпайтынын айтты.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom