"Елбасы бүгінгі "Түнгі студия" бағдарламасының қонағы болды"

Жаңалықтар
28.11.2016, 17:03

15281861_628018974066812_1028276544_n

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан" Ұлттық арнасының "Түнгі студия" бағдарламасына қонақ болып келді деген сөз бар. Естеріңізде болса, ҚР Президенті жақында Bloomberg News агенттігіне сұхбат берді. Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына қатысты сауалдарға жауап беріп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының перспективалары, жаһандық экономиканың, терроризммен күрестің маңызды аспектілері, сондай-ақ шет елдермен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде айтты.

Одан кейін «Россия 24» телеарнасына сұхбат беріп, елдің индустриялық-инновациялық дамуының мән-маңызы, мемлекеттің экономикадағы рөліне қатысты сауалдарға жауап берді.

Кейбір дереккөздері Елбасы бүгін отандық арналардың бірінде сұхбат беріп, емен-жарқын әңгімелескенін және ол "Түнгі студия" бағдарламасы екенін айтып отыр. Бізге жеткен ақпарға сүйенсек, Елбасы қолына домбыра алып, ән де салған. Телесұхбаттың көрсетілімі 1 желтоқсанда, яғни Тұңғыш Президент күнінде көрерменге жол тартпақ.

 "Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom