Гүлнара Каримова 2014 жылдан бері бірінші рет көпшілік алдында мәлімдеме жасамақшы

Жаңалықтар
29.11.2016, 10:55

9809101ff35d7b222d85136a63cӨзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова 2014 жылдан бастап бірінші рет көпшілік алдына шығып, мәлімдеме жасайтыны жарияланды. REGNUM порталы оның Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап, 30 қараша күні әкесін еске алу кешінде мәлімдеме жасамақшы деп хабарлайды.

"30 қараша күні (13.00-де) жастарды әкемді еске алуға арналған шараға шақырамын... Мен министрліктің форумға арналған залында сөз сөйлейтін боламын. Мені қолдаңыздар! - деп жазды Каримова. Ол бұған дейін әкесімен түскен фотосын жариялаған еді.

cae1b38d1d67f3265d831654d49521c1

Жақында Гүлнара Каримова қайтыс болды делінген ақпарат тараған болатын. Көп ұзамай РИА Новости Каримовтар отбасымен жақын араласатын дереккөзге сілтеме жасап, "Өзбекстанның бірінші президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова тірі", - деп хабарлады.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom