Астана жақсы бастама көтерді

Жаңалықтар
30.11.2016, 11:47

ph1«Биыл еліміздің бас шыршасы былтырғыдай «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алаңында орнатылады. Осы жылы бас шыршаның шамдарын жағу салтанаты дәстүр бойынша бірінші желтоқсанда емес, 18 желтоқсан күні өтеді», - деп мәлімдеді Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана - басқа қалалар мен облыс орталықтарына үлгі болатыны анық. Желтоқсан басында Астананың бас шыршасын жаққан соң жер-жерде шыршалар жағылып, әкімдіктердің әуре-сарсаңға түсетіні бар. Енді, Тәуелсіздік мерекесінен соң, яғни 18 желтоқсаннан бастап бас шырша жағылады. Егер бұл дәстүрге айналса, Тәуелсіздік мерекесі жылда 18-нен кейін тойлануы мүмкін.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom