"Заң жобасы әлеуметтік-осал санаттағы азаматтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған немесе кембағал балалары бар әйелдер, кембағалдар, егде адамдар және ауыр емес қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершіліктен босатуды қарастырады. Заң жобасымен рақымшылық жасалатын және рақымшылық жасалмайтын тұлғалар анықталады", - деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, өтелмеген мерзім орнына айыппұл немесе бостандықты шектеу тағайындалады, немесе мерзім қысқартылады. Заң жобасы бойынша заң енгізілген күннен бастап алты ай ішінде орындалады.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына елде рақымшылық жасауды ұсынған болатын.
"Сайгез-ақпарат"