Астанада үздік инвесторларды марапаттады

Жаңалықтар
30.11.2016, 14:55

0s7a6849Астанада  30 қарашада Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің және «KAZNEX INVEST» Экспорттау және инвестициялар  жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның  ұйымдастыруымен «Қазақстан: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» атты конференция өтті. Конференция шеңберінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралар өтті: шетелдік әлеуетті және қазіргі таңда жұмыс жасайтын инвесторлардың қатысумен инвестициялық форум, инвестициялық жобалардың  бірлестірілген  көрмесі және Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлестері үшін шетелдік инвесторларды марапаттау. Конференция алдында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек шетелдік компанияларды еліміздің инвестициялық әлеуетімен таныстыру мақсатында шетелдік бизнес өкілдерімен кездесті.

Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен басқа елдердің арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында елімізге шетелдік инвестицияны тарту мәселесіне үлкен көңіл бөледі.  Аталған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму министрлігі конференция аясында табысты өткізілген шетелдік бизнеспен қатынас орнату мен ынтымақтасты күшейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Конференцияны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ашты. Министр қатысушылармен амандасып, «Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі осы конференцияның өтуі мемлекетіміздің іскерлік өміріндегі маңызды оқиға ретінде қарастырады. Бұл түрлі елдердің саяси және іскерлік шеңберімен диалог, тікелей қатынас орнатудың тамаша мүмкіндігі. Біз бүгінгі кездесуді еліміздің инвестициялық әлеуетінің ілгерілеуінің тиімді тәсілі деп білеміз» деді.

Конференция жұмысына 100 қазақстандық және агроөндірістік кешен, мемлекеттік-жеке серіктестік, тау-металлургия кешені, қуат, мұнай-газ және банк секторлары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инновация, көлік және логистика, тағам өндірісі, химиялық сала, машина құрастыру, кеме жасау, медицина және туризм саласындағы қазақстандық және шетелдік компаниялардан 300-ге жуық адам қатысты. Мемлекеттік ұйымдардың өкілдері (салалық министрліктер, әкімдіктер), сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, шетелдік бизнес-ассоциациялардың басшылары конференцияға үлкен қызығушылық танытты.

Конференция шеңберінде Қазақстанның индустриясына, инвестициялық қызметтің кеңеюі мен жоғары технологиялық өндірістің дамуына қосқан үлестері үшін шетелдік инвесторларды жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті. Қазақстанның Инвестициялар және даму министрінің марапатын мынадай компаниялар алды:  Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын өңдеу және пайдалану бойынша «КПО» бірлескен кәсіпорны, Tenaris итальяндық құбыр өнімін өндіруші және жеткізуші, жапондық MarubeniCorporation уран өндіру, HeidelbergCement неміс құрылыс материалдарын өндірушісі, экологиялық таза отын дамытумен айналысатын  KOLON оңтүстік кореялық компаниясы, «ЭФКО» ресейлік май өндірушісі, Kelun Kazpharm қытайлық фармацевтикалық компаниясы, Pladis түрік кондитер бұйымдарын өндіруші компаниясы (Қазақстанда ULKER деген атпен белгілі). Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының дамуына қосқан инвестициялық белсенділігі үшін «Қайта құру және Даму Еуропалық Банкі» және үкімет пен шетелдік инвесторлармен арасында қатынас орнатудағы үлесі үшін «Шетелдік инвесторлардың Қазақстан Кеңесі» ассоциациясы марапатталды.

Конференция шеңберінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі әлеуетті шетелдік инвесторларға экономиканың түрлі секторлары бойынша қазақстандық жобаларды таныстыру мақсатында индустиалды-инновациялық жобалардың біртұтас көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге 70 қазақстандық компания мен кәсіпкер қатысты.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom