Елбасы бірнеше елшіден сенім грамотасын қабылдады

Жаңалықтар
12.08.2014, 11:32

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып жаңадан тағайындалған бірқатар шетел дипломатынан сенім грамотасын қабылдады.

Атап айтқанда, ҚР Президентіне Малайзияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Дато Хидайат Бин Абдул Хамид, Эстония Республикасының Елшісі Яан Рейнхолд, Ливия Елшісі Салим Абдурахман Аль-Суейти, Иран Ислам Республикасының Елшісі Можтаба Дамирчилу, Тәжікстан Республикасының Елшісі Назирмад Ализода, Канада Елшісі Шон Перри Стайл сенім грамоталарын табыс етті.

Сұхбат

PhotoRoom