Бірінші ханым халық алдына қайта шыға бастады (ВИДЕО)

Жаңалықтар
02.12.2016, 11:27

%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%b0ҚР Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, Бірінші ханым, "Бөбек" қоғамдық қорының президенті Сара Назарбаева "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің тоғызыншы есеп беру отырысына қатысты, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Кеңестің басты мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп қабырғасындағы жасөспірімдер мен студенттердің рухани құндылықтарын арттырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

"Қазіргі адамдар ең басты нәрсені ұмытқан. Бастысы дегенім, жалпы адами құндылықтарды, адамгершілікті шетке ысырып қойған. Ең алдымен біз, үлкен адамдар, өзімізді рухани тұрғыда тәрбиелеуіміз керек", - деді "Бөбек" қоғамдық қорының президенті Сара Назарбаева.

https://youtu.be/-5Y98d-U65g

Сұхбат

PhotoRoom