Қырыққа толмаған келешегі бар 10 шенеунік

Жаңалықтар
02.12.2016, 13:52

a6f6d782-07a4-422e-82e3-c91b8b32ce4bЖақында Елбасы Н.Назарбаев жауапты қызметте жүрген жас министрлер туралы пікірін білдірді.  

"Болашақты" бітірген жас мамандар елге оралып, Үкіметте жауапты қызмет атқарып жатыр. Кейбір министрлердің жас шамасы 35-36 шамасында. Бірақ, олар өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай атқарып отыр. Біз жастарды жақсылап дайындап, болашақта Қазақстанды өрге сүйрейтіндей етіп тәрбиелеуіміз керек. Қазір жаңашылдық басым. Жаңа технология, жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңа индустриализация... Осының бәріне үлгеруіміз қажет. Егер білімді жастарды тәрбиелемесек, бұлардың бәрімен кім айналысады? Сол себепті, мен жастардың әлемнің озық білім ордаларында білім алуына мүмкіндік жасадым. Мемлекеттен стипендия тағайындап, 22 жастан асқандарды шетелге оқуға жібердік. Бүгінде 10 мыңнан астам Болашақ түлектері елге оралды. Олардың оралуымен отандық университеттердің де деңгейі өсті" деп Президент ең қиыны кадр таңдау екендігін де айтып өтті.

Ендігі ретте Елбасының үдесінен шығатын жастар кімдер дегенге тоқталсақ. Қазір Қазақстанда 30-40 жас аралығында жауапты қызметте жүргендер өте көп. Солардың бір парасына тоқталып өтейік.

%d0%b4%d3%99%d1%83%d0%bb%d0%b5%d1%82-%d0%b5%d1%80%d2%93%d0%be%d0%b6%d0%b8%d0%bdДәулет ЕРҒОЖИН, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары

Д.Ерғожин бұл жауапты қызметке жақында ғана тағайындалды. Жасы 37-де. Дәулет Еділұлы Ерғожин 1979 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы — Экономика және құқық университетін, 2003 жылы — Саффолк Университетін (Бостон, АҚШ) тәмамдаған.

%d2%9b%d1%83%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%b1%d0%b8%d1%88%d1%96%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2Қуандық БИШІМБАЕВ, Ұлттық экономика министрі

Жасы 36-да. 1980 жылы 11 сәуірде дүниеге келген. 1999 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон атындағы Университет жанындағы Менеджмент және Бизнес Мектебін (АҚШ) бітірген. 

%d1%81%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%82-%d3%99%d0%b1%d1%96%d1%88Самат ӘБІШҰлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары

Жасы 38-де. Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Алматы облысында туған. ҰҚК Академиясының және Ресейдің Сыртқы бақылау қызметі Академиясының түлегі. Ол ҰҚК-дағы қызметін 2000 жылы бастаған. 2013 жылдың наурызынан бері ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82-%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82%d0%b0%d0%b5%d0%b2Марат БЕКЕТАЕВ, Әділет министрі

Жасы 39-да. Марат Бақытжанұлы Бекетаев 1977 жылы дүниеге келген.1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. 200 жылы Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдады. Бекетаев бұған дейін 2015 жылы Президент жарлығымен Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінде болды.

%d0%b4%d3%99%d1%83%d1%80%d0%b5%d0%bd-%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2Дәурен АБАЕВ, Ақпарат және коммуникация министрі

Жасы 37-де. Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. Лейден университетін бітірген (2006). 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған. Министрлікке дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

15271602_1282075171831800_249234899_oАлтай КӨЛГІНОВ, БҚО әкімі

Жасы 38-де. Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%ba%d0%b0-%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d1%82%d2%b1%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0Малика БЕКТҰРОВА, Астана әкімінің орынбасары

Жасы 33-те. Малика Бектұрова 1983 жылы дүниеге келген, ұлты - қазақ, білімі жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты. 2001 жылы Кентукки университетін (АҚШ) "Саясаттану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Әкім орынбасары болып тағайындалғанға дейін Астананың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды. 2004 жылы "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша Гарвард университетін тәмамдады. Екі магистр дәрежесі бар.

%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bd-%d3%99%d1%83%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2Ерлан ӘУКЕНОВ, Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Жасы 32-де. Ерлан Әукенов 1984 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Бредфорд университетінде менеджер мамандығы бойынша білім алған, мемлекеттік саясат магистрі. Бұған дейін Ерлан Әукенов Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары болып келген еді.

%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bd-%d1%85%d0%b0%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2Ерлан ХАИРОВ, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі

Жасы 38-де. Ерлан Қартайұлы 1978 жылы 15 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1999 жылы «Халықаралық экономикалық қарым - қатынастар» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік Е.Бөкетов атындағы университетін бітірген. Бұған дейін Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болған.

%d1%82%d0%be%d0%ba%d1%82%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2Тимур ТОҚТАБАЕВҚР Инвестициялар және даму вице-министрі

Жасы 35-те. Тоқтабаев 1981 жылдың 26 қазанында дүниеге келген. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Геология және барлау» мамандығы бойынша оқып, тәмамдаған. Вице-министр қызметіне тағайындалмастан бұрын, ҚР Инвестиция және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры қызметін атқарған.

Әзірлеген: Досжан Мейірім

 

Сұхбат

PhotoRoom