Бақытжан Сағынтаев пен Дмитрий Рогозин екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Жаңалықтар
02.12.2016, 18:44

sha_4561Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестіктің басты бағыттары бойынша қазақстандық-ресейлік қатынастарды кеңейту және нығайту мәселелерін талқылады.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшыларының кездесуіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom