Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестіктің басты бағыттары бойынша қазақстандық-ресейлік қатынастарды кеңейту және нығайту мәселелерін талқылады.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшыларының кездесуіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
"Сайгез-ақпарат"