ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, келесі жылдан бастап Қазақстанға 55 елдің азаматы визасыз келіп-кете алады.
"Былтыр біз еліміздің 19 стратегиялық әрі инвестициялық әріптесі үшін визасыз режим енгіздік. Осы мемлекеттердің азаматтары екі апта рұқсатсыз жүруге мүмкіндік алды. Енді, келесі жылы қаңтардың 1-нен бастап осы санаттағы мемлекеттердің саны 55-ке дейін артады. Визасыз режим бір жақты сипатта енгізіледі. Ал ондай рұқсаттың мерзімі 30 күнге дейін барады",- деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.
Министрдің сөзіне қарағанда, осы және басқа да шаралардың арқасында Қазақстан экономикасына 230 млрд. доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды.
"Сайгез-ақпарат"