Шымкентте 3 мың оқушыны тегін тасымалдайтын 19 автобус берілді  

Жаңалықтар
03.12.2016, 00:00

whatsapp-image-2016-12-02-at-10-10-31ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласындағы 10 мектепке оқушы тасымалдау үшін 19 жаңа автобус  берілді.

Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорларына табыстаған  облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Қымбатты оқушылар бұл көлік сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету және  жақсы оқып, үлгілі оқушы болуларыңыз үшін беріліп отыр. Сондай-ақ, автобус оқушылардың тарихи-мәдени ескерткіштерге саяхатқа шығуы үшін де қолданылады. Бұл игі шара Елбасының болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білемін. Енді қаладағы 3 мыңға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын болады», - деді аймақwhatsapp-image-2016-12-02-at-10-10-31-1 басшысы.

Бұған дейін оқушыларды тасымалдау жұмыстары келісім-шарт арқылы жеке кәсіпкерлер  "Абад ЮГ"   ЖШС және «Төлеби  Автобус Паркі» ЖШС арқылы  жүргізіліп отырған болатын.         

Бұл автобустар мектептен 3 шақырым қашықтықта тұратын балалардың тасымалын ұйымдастыру үшін сатып алынды.

whatsapp-image-2016-12-02-at-10-10-30Осы күні күрделі жөндеуден өткен  Шымкент қалалық əкімшілігінің ескі ғимараты  пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстың сапасын өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аралап көрді.

Атап айтар болсақ, ғимараттың іргетасы 1950 жылы қаланған. 2015 жылдың қыркүйегінен басталған нысанның қайта жөндеу жұмыстарына 500 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда бұл ғимаратқа Əл-Фараби аудан аппаратымен қатар қалалық білім бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі орналасты.

Тегтер:
автобус

Сұхбат

PhotoRoom