Құбылай ханның өмірі жайлы сериал басталады

Жаңалықтар
13.08.2014, 08:25

Тамыздың 25-інен бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан Шыңғыс ханның немересі, Төле ханның ұлы - Моңғолдардың соңғы ұлы ханы және Қытай империясының негізін қалаушы Құбылай ханның өмірін, басқаруы және өзге елдерді басып алуларын суреттейтін «Құбылай хан» эпикалық драмасы беріледі. Телехикаяның сюжеті бірнеше он жылдықты қамтиды және моңғолдардың ұлы династиясы Юанның, одан кейін ұлы Қытай империясының құрылуына себеп болған оқиғалар туралы баяндайды.

50 сериядан тұратын тарихи драма Қытай елінде үлкен табысқа жетіп, қымбат жобалардың бірі болды. Телехикая Гонконг, Тайланд, Малайзия, Корея, Тайвань, Вьетнам, АҚШ, Канада елдерінде де көрсетілді. Телехикаяның бюджеті 250 млн. АҚШ долларын құрады. Туындыда 5 мыңға жуық актер ойнайды. Сондай-ақ, түсірілім жұмыстарына 5 мыңға жуық ат қатыстырылды. Тарихи драманың қоюшы режиссеры - Цуй Сиу Мин.

20140813002616

Көрермендер «Қазақстан» телеарнасында Моңғол империясы басшыларының өмірінен қызықты, тартымды және әсерлі оқиғаларға куә бола алады.

Мөңке моңғолдардың ханы атанған кезде Құбылай хан Қытайды жаулап алуға бел буады. Шыңғысханның өлімінен кейін оның Төле және Үгедей атты ұлдары билікке таласа бастайды. Үгедей хан болғанымен оның әйелі Төрегін уайымнан көз ашпайды, себебі Ұлы Шыңғысхан көзі тірісінде немерелерінің ішінде Төленің ұлы Құбылайды ерекше жақсы көретін. Төрегін күйеуінің ағасына у беріп өлтіргенімен қоймай, әкесінің өлімі үшін кек алғысы келген Мөңке мен Құбылайды көтеріліс ұйымдастырды деп айыптайды. Алайда, Құбылайдың ерекше қырағылығы мен анасы Соргэгтэнидің данышпандығының арқасында Төле ұрпақтары аман қалады. Құбылай Шыңғысханнан кейінгі моңғолдардың бесінші және соңғы атақты императоры атанады....

20140813002630

Құбылай басып алған жерге иелік ету үшін бір топ сенімді Қытайдың конфуцишіл кеңесшілерін өз қарамағында ұстайтын болған. Ол көптеген Қытай ғалымдарына жай ғана жұмыс беріп қоймай, олармен дос бола білген, сондай-ақ Қытайдың орталық жазығын басқару үшін мемлекеттік қызмет жүйесін де қабылдады. Сондықтан да оны сэцэн хан, яғни данышпан хан деп атаған.

Өзі билік етіп тұрған кезде Құбылай Қытайда кеңінен танымал болған. Алайда, моңғол консерваторлары оның қытай мәдениетіне деген қызығушылығына наразы болатын. Кейбір жалақорлар оның ағасы Мөңкеге Құбылай туралы: «Құбылай көптеген қытайлықтардың жүрегін жаулап, Моңғол империясына қауіп тудырып, мол байлыққа кенелген» деген алып қашпа әңгімелер айта бастайды. Сол үшін телехикаяда әулеттің ішіндегі үлкен жанжал бастау алып, ағайынды екі бауыр арасында талас басталады. Алайда, ақыл жеңіп, ағайындылардың басы қайта бірігеді. Нәтижесінде, дана басшы Құбылайхан барлық Қытайды қол астына біріктіріп, қазіргі Бейжің орнында астанасын жариялап, көрші патшалықтарды да өзіне бағындырады.

20140813002623

Телехикаяда дәл осы тұста әкесінің орнын басуға талпынып, бүлікшілерді басқарған Құбылай ханның ұлына қарсы күреске Венециядан жас Марко Поло келген кез жайлы, батыс пен шығыс арасындағы алғашқы қатынастардың қалыптасуы туралы баяндайды. Марко Поло кейіннен Юань империясының өмірінің сипаттамасын қалдырған. Марко Полоның баяндауының әсерінен Құбылайхан батыстағы ерекше танымал тарихи тұлғаға айналып, оның аты жаңадан таныла бастады.

Драмалық оқиғаларға, сарай ішіндегі зұлым ниеттілерге, тақ пен жаңа жерлерге иелік ету үшін кескілескен ұрыс пен тартысқа толы көп сериялық әлемдік бестселлердің Қазақстандағы премьерасы «Қазақстан» ұлттық телеарнасында сағат 19:30-да  дүйсенбі мен жұма аралығында орыс тіліндегі субтитрмен көрсетіледі.

Сұхбат

PhotoRoom