Қазақстан аумағынан шығарда енді туркод талап ету керек

Жаңалықтар
09.11.2016, 09:07

%d1%82%d1%83%d1%80%d0%ba%d0%be%d0%b4Енді туристік операторлардың кесірінен аяқ асты жағдайға тап болған қазақстандық туристер  туркод талап ете алады. Туристерді  сақтандыру жүйесі елімізде 7 қарашадан бастан ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде өткен брифингте айтылды.

Жаңа заңға сəйкес, енді туризм саласындағы кез келген туристік оператор тиісті келісімге отырып, осы жүйеге қосылуға міндетті. Ал туристерді ел сыртына  шығару шараларының барлығын «Туристік қамқор» корпоративтік қоры бақылайтын болады. Қазір Қазақстанда 1200-ге тарта туристік оператор болса, банктік кепілдеме берген  12 компания осы қор құрамына қосылған.

Сонымен қатар, енді кез келген туристік оператор қандай да бар тәуекелге қарамастан, банктік кепілдік алуға міндетті. Егер де тəуекелі жоғары оператор болса, 30 млн теңге кепілдік ұсынуы тиіс. «Кепілдіктің екінші түрі - нарық талап ететін аударма ақша. Яғни, кез келген туристік оператор енді «Туристік қамқор» қорына түсетін аударым жасап тұруы керек»,-деді ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында қор төрағасы Инна Рей. Əрбір  туристік оператор аударатын ақша 0,5 АЕК, яғни, 1061 теңгені құрайды. Қор төрағасы атап өткендей, бұл жаңа жүйе туристік жолдамалардың бағасын қымбаттатпайды.

Сұхбат

PhotoRoom