Қасымбек: Инвесторларға ұсынылатын дайын жобалар өте аз

Жаңалықтар
14.11.2016, 10:22

%d0%b8%d0%bd%d0%b2%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%be%d1%80%d0%bb%d0%b0%d1%80%d2%93%d0%b0-%d0%b6%d0%be%d0%b1%d0%b0Трансұлттық компанияның Қазақстан нарығына кіру мәселесін жеке қарау үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басшылық ететін арнайы жұмыс тобын құру керек. Мұндай ұсынысты бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жасады.

Бүгінде инвесторларға ұсынылатын дайын жобалар өте аз. Барлық жобалардың мәліметтер базасында ешқандай есеп жоқ, тек «бизнес-идеялар» жинақталған. Осыған байланысты, салалық мемлекеттік органдармен, облыстық әкімдіктермен және ұлттық компаниялармен бірлесіп, үш айдың ішінде таңдаулы жобалар тізімін әзірлеуді ұсынамыз. Және 2017 жылдың бірінші жартысына дейін оларды халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықтау керек. Яғни, маркетингтік зерттеулер мен бизнес жоспарлар әзірлеу қажет. Біз бұл жұмысты Маккензи компаниясымен бірге бастап кеттік және жыл соңына дейін, әзірге 4 сала бойынша жан-жақты инвестициялық ұсыныс әзірленеді. Бұл  химия өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және сауда»,-  деп атап өтті ол.

Қасымбек ірі инвесторлар, оның ішінде трансұлттық компаниялар тарту үшін олармен жеке жұмыс істеу қажеттігін баса айтты.

«Атап айтқанда, жеңілдетілген тарифтер, инфрақұрылымы бар жер учаскелері, жер қойнауларын, салықтық жеңілдіктер, «offtake» келісім-шарттар және тағы да басқа ұсыныстар жасау керек. «Оfftake» келісімшарттар немесе мемлекеттік тапсырыс сияқты инвесторларды ынталандыру және қолдау шараларына тоқтала кетсек, біз әуел бастан экспортқа бағытталған инвесторлар мен ТҰК-ларды тартуды мақсат еттік. Осыған байланысты, елге инвестор тарту үшін алғашқы кезде өнімдерін өткізуге кепілдік беріп, барынша жағдай жасауға тырыстық. Бірақ келесі кезеңде аталған инвестор міндетті түрде экспортқа шығуы керек және нарық талаптарына сәйкес, мемлекеттік тапсырыссыз жұмыс істеуге міндетті болды. Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, әрбір ТҰК-ның біздің нарыққа кіру мәселесін жеке қарау үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басшылық ететін арнайы жұмыс тобын құруды ұсынамыз. Осы шаралар ірі инвесторлар мен ТҰК тарту бойынша шешім қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», -  деді министр.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom