Инвесторларға қызмет көрсету орталығын құру қажет - Қасымбек

Жаңалықтар
14.11.2016, 10:29

%d0%b8%d0%bd%d0%b2Елімізде инвесторларға қызмет көрсету орталығын құру қажет. Мұндай ұсынысты бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жасады.

«Жалпы инвесторлар Қазақстанның салықтық және кедендік заңнамасын оң бағалап отыр. Осыған орай, салық салу бойынша Қазақстанның көрсеткіші төмендегені туралы айта кеткен жөн. Біз мұны салық жинауға қатысты саясаттың қаталдығымен және заң нормаларын түсіндірудің екіұштылығы проблемаларымен және салықтық әкімшілендіру сияқты басқа да мәселелермен байланыстырамыз. Инвесторлардың атап өтуінше, негізгі мәселе, бұл салық төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілік шегі айтарлықтай төмен. Осыған байланысты, салықтық және кедендік заңнаманы декриминализациялау және шекті көтеру ұсынылады»,- деді министр.

Сондай-ақ, Қасымбек инвесторлардың алдағы уақытта көлемді айыппұл мен жазалаудан құтылулары үшін халықаралық кеңесшілердің ұсынысы бойынша салық органдары тарапынан ақылы және ақысыз бизнес-кеңес тәжірибесін енгізу қажет деп есептейтіндігін атап өтті.

«Инвесторлар үшін аймақтарда түрлі құжаттарды алу үшін әкімшілік кедергілер - жүйелі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған байланысты, «Казнекс Инвест» Ұлттық агенттігінің жұмысын қайта құрылымдап, оның жанынан аймақ филиалдарымен бірге толыққанды Инвесторларға қызмет көрсету орталығын құру қажет, деп есептейміз», - деді ол.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom