2016 жылы Қазақстанға тікелей инвестициялар ағымы артты

Жаңалықтар
14.11.2016, 10:36

83e468f36808e126d98ea4ff611dc6b03a9325e5ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысы барысында Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялардың артқанын хабарлады.

Ж. Қасымбек ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 25,8%-ға артып, 9,3 млрд долларды құрағанын мәлімдеді. Оған қоса, инвестициялардың  60%-ға жуығы тау-кен өнеркәсібі және геологиялық барлауға, 15% - өңдеу саласына, 9% - саудаға және 5% - құрылысқа тиесілі.

Еске салсақ, Doing Business соңғы баяндамасының қорытындысы бойынша Қазақстан 41-орыннан 35-орынға көтеріліп, өз жағдайын айтарлықтай жақсартты. Сонымен бірге, бірқатар көрсеткіштер бойынша едәуір жақсару бар, атап айтқанда «Миноритарлық инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша Қазақстан 25-орыннан 3-орынға ілгеріледі. Бұдан бөлек, Қазақстан бизнес жүргізу саласындағы заңнаманы жақсартуда ең көп жетістікке жеткен 10 елдің қатарына енді.

https://www.youtube.com/watch?v=Xc5t4EKHFpM

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom