Мемлекеттік тендерлерде қазақстандық қамту үлесі 58,3% құрады

Жаңалықтар
18.11.2016, 11:09

1Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесі 58,3% құрады. Бұл туралы бүгін «Ұлы дала елі» отандық өндірушілердің II форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ деректері бойынша, ағымдағы жылғы 9 ай ішінде сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 58,3% құрады. Осы орайда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жалпы сатып алу көлемі 1 трлн. 596 млрд. теңгеге артты. Дегенмен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, қазақстандық қамтудың аралық көрсеткіші 7,7% төмендеді. Аталмыш кезеңде жергілікті қамту пайызының төмендеуінің негізгі себептері - теңге құнының төмендеуі, импорттық шикізат сатып алудың ұлғаюы болып табылады», - деді министр.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек алдағы уақыттары да отандық өндірушіні тұрақты қолдау бойынша жұмыс жүргізіле беретінін атап өтті.

"Сайгез-ақпарат"

 

Сұхбат

PhotoRoom