2020 жылға дейін автожолдардың бойына 260 қызмет көрсету нысаны орналастырылады

Жаңалықтар
01.11.2016, 11:42

02«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылға дейін негізгі автожолдардың бойына ұлттық стандарт талаптарына сай келетін 260 қызмет көрсету нысаны орналастырылады. Қазір жергілікті атқарушы органдармен аталған нысандар орналасатын орынның сызбасы бекітілді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«260 қызмет көрсету нысанының 91-і қажетті қызмет түрлерінің барлығын көрсете алатын А-Б санаттарына сәйкес келеді. Қалған нысандар автотұрақ, тамақтану бекеті мен бөлшек сауда орындары қарастырылған С санатына сәйкес келтіріледі. Бүгінгі таңда республикада елді мекендерге жақын жерлерде орналасқан 2,5 мың қызмет көрсету нысаны жұмыс істеп тұр. Олардың 80 %-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейді. Жергілікті атқарушы билікпен олардың А, В, С, D санаттарының талаптарына сай келуін тексеріп, инвентаризация жүргіземіз», – дейді министр.

Сонымен қатар, министрлік жол бойындағы қызмет көрсету нысандары  иелерінің нысанды ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіруі үшін мынаны ұсынды:

- «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жеңілдетілген несие қарастыруды;

- жергілікті атқарушы органдардың инженерлік коммуникация жүйелерін тартуды өздеріне алуды (электр, су және кәріз жүйелерін)

Сұхбат

PhotoRoom