Қазақстаннан Прага, Вена, Варшаваға әуе бағдары ашылады

Жаңалықтар
01.11.2016, 12:16

2Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстаннан Прага, Вена, Варшаваға әуе бағдары ашылатынын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні Астана 25 халықаралық бағдар бойынша 16 елмен тікелей әуе байланысы орнатылған. Оның ішінде Франкфурт, Лондон, Дубай, Гонконг, Сеул сынды 5 халықаралық қаржы орталығы да бар. Жалпы, бір аптада елорда әуежайынан 415 рейс орындалады. Оның 126-сы халықаралық, ал 289-ы ішкі бағдарлар.

«ЭКСПО-2017-ге» дайындық үшін «ашық әуе» және Астана әуежайында күнделікті рейстерге шектеулерді алып тастау бойынша ілкі жобаларды іске қосу жоспарлануда. Прага, Хельсинки, Вена, Варшава, Бупапешт сынды 8 жаңа бағыт ашылады деп күтілуде», - деді Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылы ішкі авиатасымалдау нарығы толығымен ырықталған. Қазіргі уақытта 6 әуе компаниясы 39 бағдар бойынша ішкі рейстерді орындайды. Ішкі бағдарлар субсидияланады. Ағымдағы жылы туризмді дамыту мақсатында Алматы мен Астанадан Балқашқа, Алматыдан Үржарға және Ақтаудан Көкшетауға әуе рейсі ашылған. Келесі жазғы маусымда Астанадан Үржарға, Алматы мен Астанадан Үшаралға әуе рейсін ашу көзделіп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom