Қазақстанда бірқатар кен орындарының қорлары еселеп артты

Жаңалықтар
01.11.2016, 12:27

03Соңғы он жылдан елімізге тартылған инвестицияның жартысынан астамы тау-кен және мұнай-газ секторына бағытталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Соңғы 10 жылда елімізге 230 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды. Оның 60 пайыздан астамы, яғни 132,6 млрд. доллары  тау-кен және мұнай-газ секторына бағытталды»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздің қазіргі  геологиялық әлеуеті негізінен кеңестік кезеңде перспективалы аумақтардағы жүйелі түрде геологиялық зерттеулердің арқасында қалыптасты. Қазіргі уақытта 90 пайыздан астам ашық кен орындарын жеке инвесторлар игеруде.  Қазақстанда жер қойнауын пайдалану бойынша 866 келісімшарт қолданыста (кеңінен таралған пайдалы қазбаларсыз), соның ішінде қатты пайдалы қазбалар бойынша - 484, көмірсутекті шикізат -214, жерасты сулары бойынша -168.

«Осы кен орындарының барлығы мемлекетке кіріс әкеліп, халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Келешектегі мақсатымыз жаңа перспективалы кен орындарын ашуға негізделген. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында жаңа кен орындарын ашу бағытында көптеген жұмыстар атқарды.Тәуелсіздік жылдары бұрын зерттелген алаңдарда инвесторлармен жүйелі жұмыстың нәтижесінде мынадай кен орындарына барлау жүргізіліп, алғаш рет мемлекеттік балансқа қойылды: 119 көмірсутекті шикізат, 94 алтын, 14 мыс, 19 марганец кені, 16 темір кені және 4 полиметал кен орны»,-деді Ж. Қасымбек.

Оның айтуынша, бұрын зерттелген кен орындарының шикізат қоры көбейді. Ақмола облысындағы Васильковск және тағы бірқатар кен орындарының қорлары еселеп арта түсті.

Сұхбат

PhotoRoom