Glencore Қазақстандағы геологиялық барлауға 10 млн. ақш долларынан астам инвестиция құяды

Жаңалықтар
23.11.2016, 13:56

05Лондонда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров пен «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов әлемдегі аса ірі Glencore швейцария компаниясының акционері әрі  «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Николой Поповичпен кездесті. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларын талқылап, уағдаластықтарға қол жеткізді.  Атап айтқанда, Glencore «Қазцинк» ЖШС арқылы Қазақстандағы моноқалаларда және компанияның жұмыс істеп тұрған өндірістерінің маңында орналасқан 5  перспективалы учаскедегі геологиялық барлауға қаржы салатын болды.

2017 жылдан бастап компания осы учаскелерде геологиялық барлауды бірлесіп жүргізуге әзір. Бастапқы кезеңде нвестициялар кемінде 10 млн. АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ, «Казгеология» АҚ басшылығы Rio Tinto компаниясының Африка-Еуразия өңірлерін геологиялық барлау операциялары жөніндегі директоры  Кен Тентон мырзамен кездесу өткізді. Күн тәртібіне Қарағанды облысында іске асырылатын 2 жоба бойынша неғұрлым өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ қазақстандық кадрларды оқыту мен осы саладағы инновациялық технологиялар трансферті бағытын одан әрі жалғастыру жоспарларын айқындау мәселелері қойылды.

Анықтама:

Қазцинк – ілеспе мыстың, қымбат металдар мен қорғасынның үлесі зор мырышты бірге өндіретін ірі өндіруші. Тау-кен өндіру компаниялары арасында әлемде 2 орын алатын «Glencore» Швейцария трейдинг компаниясы оның басты инвесторы болып табылады.

Rio Tinto – капиталдану көлемі бойынша әлемде 2 орындағы тау-кен металлургия компаниясы, алтын өндіруден  әлемде 7-ші орында, алюминийден - 2-ші орында, темір кенінен -2-ші орында, көмірден - 4-ші орында, сондай-ақ алмас пен ураннан - 3-ші орында.

Сұхбат

PhotoRoom