Павлодардан төрт үміткер

Жаңалықтар
13.08.2014, 15:16

Павлодарда бүгінгі таңда ҚР Парламент Сенатының депутаттығына үміткер ретінде төрт адам тіркелді, деп жазады BNews.kz  облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлия Сабырхановаға сілтеме жасап.

«Павлодар облысынан Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелгендер: ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Айтқазы Жапарбеков; Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Қайрат Нұрмағамбетов; Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Сейсембай Жетпісбаев және Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Манап Күбенов», -деді Ә.Сабырханова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, М.Күбеновтің кандидатурасын Павлодар облыстық мәслихатының, сондай-ақ Железин, Ақтоғай және Шарбақты аудандары мәслихаттарының депутаттары қолдаған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom