Сауд Арабиясы БҰҰ-ға 100 млн доллар бөлді

Жаңалықтар
14.08.2014, 10:36

Сауд Арабиясының билік өкілдері БҰҰ-ға терроризммен күресу үшін 100 млн. доллар бөлді. Бұл қаражат 2011 жылы Сауд королінің бастамасымен құрылған антитеррористік ұйымдастыру орталығына жөнелтіледі, деп хабарлады Би-би-си.

Нью-Йоркте БҰҰ басшыларына чекті ұсынған АҚШ-тағы Сауд Арабиясының елшісі Абдель бин Ахмед Джубир терроризм барлық дінге жат және оны халықаралық әрекет арқылы жою керек деді.

Осыған дейін Сауд Арабиясының билігі ирак босқындарына көмектесу үшін жарты  миллиард долларға жуық қаржы бөлген.

Сұхбат

PhotoRoom