«АрселорМиттал Теміртаудың» 4 жаңғыртылған домна пеші іске қосылды

Жаңалықтар
06.12.2016, 15:30

1Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен  елордада өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның № 4 жаңғыртылған домна пеші іске қосылды. 

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Метталургтардың басты міндеті Сіздің өндіріс көлемін жылына 6 млн. тонна болатқа дейін арттыру тапсырмаңызды орындау болып саналады. Ол үшін біз бастапқы өңдеуді толығымен жаңғыртуды аяқтадық және бүгін біз № 4 жаңғыртылған домна пешін іске қосуға дайынбыз. Бұл комбинатқа ағымдағы жылдың өзінде 4 млн. тонна болат өндіруге мүмкіндік береді. Ал бұл өткен жылғы деңгейден 15 пайызға жоғары», - деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі директоры Вадим Басин.

Осы ретте ол сала ардагері Қуаныш Омашевқа сөз берді.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз Сізбен бірге Теміртауда, Қазақстанның Магниткасында жұмыс істегенімізді мақтан тұтамыз. Сізге қазақстандықтардың бейбітшілік пен тұрақтылығын қамтамасыз еткеніңізге және өмір сүру сапасын арттырғаныңызға ризашылығымызды білдіреміз. Біз жаңа домнаны іске қостық. Бұл - біздің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнаған сыйлығымыз», - деді сала ардагері.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom