Құрық порты жұмысқа кірісті

Жаңалықтар
06.12.2016, 15:39

%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d2%9bТранскаспий халықаралық дәлізі көлік-логистикалық жүйесінің  маңызды буыны саналатын Құрық портында паромға жүк вагондарын тиеу басталды. Порт жұмысының "тұсауын" бүгінгі жалпыұлттық тікелей көпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "кесті".

Маңғыстау өңірінен тікелей байланысқа шыққан «Құрық порты» ЖШС-ның бас директоры Абай Түрікпенбаев паром кешені Транскаспий халықаралық дәлізі көлік-логистикалық жүйенің маңызды буыны саналатындығын баса айтты.

«Біз темір жол және порт инфрақұрылымын салуды аяқтадық және бүгін бірінші темір жол құрамын тиеуге дайынбыз», - деді серіктестік бас директоры. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Құрық порты еліміздің жүктерін Кавказға шығаруға мүмкіндік беретіндігін баса айтты. «

Бұл жобаны да ұзақ күткен едік. Еліміз үшін, индустрияландыру үшін, даму үшін аса қажетті жоба. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңындағы осынау жетістіктермен құттықтаймын», - деді Қазақстан Президенті.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom