Елбасы Дональд Трамппен арада қандай әңгіме өрбігенін айтып берді

Жаңалықтар
07.12.2016, 16:06

20161104_04_33_54_51236Бүгін Мемлекет басшысы Қашағанның ресми таныстырылымына қатысып, 30 қараша күні АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы не сөйлескені туралы айтып берді. 

Естеріңізге сала кетейік, 30 қараша күні ҚР Президентінің Баспасөз қызметі "Нұрсұлтан Назарбаев Д.Трампты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында табыс тілегенін, сондай-ақ, АҚШ-тың сайланған президенті Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында республикамыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті" деп хабарлаған болатын.

Екі ел басшысының арасында қандай әңгіме өрбігенін бүгін Елбасының өз аузынан естідік,

"Өздеріңіз білесіздр, таяуда жаңадан АҚШ-тың президенті болып сайланған Трамппен сөйлестім. Өзімізді мақтамай-ақ қояйық... Ол жаңа адам, бірақ оған біздің мұнайшылар мәлімет берген болуы керек. Ол "Сіздер Қазақстанда ғажайып жасадыңыздар" деді. Мұны мен емес, Трамп айтты. Бұл жетістіктің ұлы тарихы", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom