Қазақстан мен Чехия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтады

Жаңалықтар
08.12.2016, 14:08

1Бүгін Астанада  ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров Чехия Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младекпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлайды.

2Екіжақты байланыстарды дамыту үшін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Онда энергетика, машина жасау, құрылыс индустриясы, геология, фармацевтика және туризм салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланады. Қазақстан мен Чехия арасында инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылған. 2017 жылы ЭЫДҰ-ға мүше-мемлекеттердің азаматтары үшін визаны алып тастау жоспарланып отыр, оның ішінде Чехия Республикасы да бар.

3Бүгінде Қазақстанда чех капиталының қатысуымен 100-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. «Skoda Остаvia» және «President Edition» автокөліктерін құрастыратын конвейрлік желі іске қосылған. 2005 жылдан бері Қазақстанда «Skoda» маркасымен 330 млн. доллар сомаға 19 888 автокөлік шығарылды.

2005 жылдан 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Чехиядан Қазақстанға келген тікелей инвестицияның жалпы ағыны 182,9 млн. АҚШ долларын құрады. Ал Қазақстаннан Чехияға тікелей инвестицияның жалпы ағыны 14,5 млн. АҚШ долларын құрады.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom